Қазақстандық теннисші Манамадағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев украиналық Виталий Сачкомен жұптасып, Бахрейннің Манама қаласындағы турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бейбіт пен Виталий бір күнде екі жеңіске жетті. Екі кездесуде де олардың қарсыластары фаворит саналған еді.
Алдымен олар ширек финалда испаниялық Серхио Гомес пен румыниялық Виктор Влад Корнюды 6:7, 6:3, 10:4 есебімен жеңді. Кейін жартылай финалда Барт Стивенс (Нидерланд) / Васил Кирков (АҚШ) дуэтінен 7:6, 6:7, 10:4 есебімен басым түсті.
Турнирдің финалында Жұқаев пен Сачко беларусьтік Иван Лютаревич пен франциялық Люка Санчеспен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или