«Ордабасының» бұрынғы шабуылшысы жаңа клубпен неге келісімшарт жасай алмағанын түсіндірді.

«Ордабасының» бұрынғы шабуылшысы жаңа клубпен неге келісімшарт жасай алмағанын түсіндірді.


Соңғы үш маусымда «Ордабасы» сапында ойнаған беларусь шабуылшысы Всеволод Садовский Legalbet.kz сайтына Польшадағы «Котвица» клубымен неге келісімшарт жасай алмағанын түсіндірді.

Ақпан айының басында БАҚ-та 28 жастағы ойыншының польшалық клубпен келісімге келгені және жаттығуға кіріскені туралы ақпарат тарады. Бірақ Садовский мұны жоққа шығарып, құжаттармен қиындықтар туындағанын айтты.

«Клубтағы трансферлік тыйымға байланысты келісім кешеуілдеп жатыр деп жазып жатыр ма? Бұл мәселе одан да күрделі. Польшада құжаттарымды реттеу – үлкен мәселе. Жалпы айтқанда, легализация да, клубтағы бан да кедергі болып тұр», – деді Садовский.

Садовский «Ордабасы» сапында 2022 жылдың наурызынан бастап ойнады. Шымкенттік клубпен бірге Қазақстан чемпионы атанып, ел кубогын жеңіп алды. Жалпы алғанда, ол «Ордабасы» сапында 85 матч өткізіп, 16 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или