Нысана көздеуден Азия Кубогында ел қоржынына алғашқы медаль түсті

Нысана көздеуден Азия Кубогында ел қоржынына алғашқы медаль түсті


Тайландтың астанасы Бангкокта нысана көздеуден Азия Кубогы басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Алғашқы жарыс күні тапаншамен 10 метрден оқ атуда Сейіл Малика мен Кирилл Федькин жұбы күміс жүлдегер атанды. Олар аралас жұптық сынның финалында Солтүстік Корея құрамасына есе жіберді.

Сондай-ақ бағана осы жаттығуда тағы бір Қазақстан командасы (Валерия Попелова, Валерий Рахымжан) 5-сатыға тұрақтады.

Азия Кубогы 22 ақпанда мәресіне жетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или