Анна Данилина Дохадағы турнирдің екінші айналымына өтті

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Дохада (Катар) өтіп жатқан WTA турнирінің жұптық сынында алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші айналымда Данилина мен Хромачева Тереза Михаликова (Словакия)/Оливия Николлс (Ұлыбритания) жұбымен кездесіп, екі сетте 7:5, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Кездесу 1 сағат 38 минутқа созылды.
Дохадағы WTA турнирінің жүлде қоры 3 664 963 доллар. Жеңімпаздар әрқайсысы $175,900 алады және 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.
Айта кетейік, Анна Данилина - WTA рейтингінде 19-орында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или