Дмитрий Бивол мен Артур Бетербиевтің арасында трилогия болуы мүмкін
Егер Дмитрий Бивол реваншта Артур Бетербиевті жеңсе, онда оларда трилогия болады, деп хабарлайды Prosports.kz
Бұл туралы Турки Аль аш-Шейх хабарлады. Ring Magazine хабарлағандай, Сауд Арабиясының ойын-сауық жөніндегі бас басқармасының төрағасы Турки Аль аш-Шейх егер Бивол 22 ақпанда Эр-Риядта жоспарланған реваншта Бетербиевті жеңсе, трилогия болатынын растады.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қазан айында Бетербиев Биволды ұпай бойынша жеңген болатын. Бұл Артурдың мерзімінен бұрын аяқтай алмаған алғашқы жекпе-жегі болды. Дмитрий өз кезегінде мансабында алғашқы жеңіліске ұшырады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или