Қазақстандық 14 жастағы теннисші Барселонадағы турнирде жеңімпаз атанды

Қазақстандық 14 жастағы теннисші Барселонадағы турнирде жеңімпаз атанды

Қазақстандық теннисші, 14 жастағы Мәриям Нұржан Барселонада өткен беделді Open Banc Sabadell U-14 Champion турнирінің чемпионы болды, деп хабарлайды Prosports.kz 

Мәриям Нұржан финалда жергілікті спортшыны 6:4, 6:4 есебімен жеңді.

Жеңімпазға жүлдені Барселона мэрі тапсырып, қазақстандық теннисшінің жеңіске деген жігерін атап көрсетті. 

Осы табысы нәтижесінде Мәриям тағы 8 мықты теннисшімен бірге биылғы сәуір айында Барселонада АТР 500 жарысымен бір мезгілде өтетін додада Қазақстан намысын қорғайтын болады.

Мәриям Нұржан 14 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe рейтингісінде 109-орында тұр. Осы кезге дейін Tennis Europe аясында өткен турнирлерде бір жекелей және екі рет жұптық сында жеңімпаз болды.

Қазақстандық теннисші Барселонада Next Level Tennis Team академиясында жаттығады.

Дереккөз: Kaz.inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или