«Қайрат» сырт алаңда «Каспийді» жеңді

Футзалдан Қазақстан чемпионатының 22-турында «Қайрат» сырт алаңда «Каспийді» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл ойында 3:2 есебімен алматылық клуб жеңіске жетті. Денер хет-трик жасады: ол 7, 18 және 21 минуттарда гол соқты. «Каспийден» Дуглас Риси (39) мен Элисей Литовских (40) гол соқты.
Айта кетейік, бір күн бұрын Қазақстан чемпионатының 21-турында «Қайрат» пен «Каспий» кездесіп, ол кездесу де 3:2 есебімен алматылық команда жеңіске жеткен болатын. «Қайраттың» голдарын Кайо Руис, Арнольд Кнауб және Алиссон соқса, «Каспийден» Ерлан Қарақұлов дубль жасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или