Абиба Абужақынованың татамиге қашан оралатыны белгілі болды

Абиба Абужақынованың татамиге қашан оралатыны белгілі болды


7-9 наурыз аралығында Австрияның Линц қаласында дзюдодан әлемдік Гран-при турнирі өтеді. Қазақстан атынан жарысқа Абиба Әбужақынова бастаған 9 дзюдошы қатысады.

Құрам:

  • 60 кг: Орынбасар Талғат
  • 66 кг: Ботабай Нұрмұхамед
  • 73 кг: Барыс Қуан
  • 81 кг: Амангелді Мәди
  • 48 кг: Абиба Әбужақынова
  • 52 кг: Толғанай Әбеуова
  • 57 кг: Дана Әбдірова
  • 63 кг: Самалай Ерғалиева
  • +78 кг: Әкерке Рамазанова

Бұл турнир Абиба Әбужақынова үшін Париж Олимпиадасынан кейінгі екінші жарыс болмақ. Ол бұған дейін Әбу-Даби Гранд Слэм турнирінде қола медаль жеңіп алған.

Линц Гран-при турнирі 2023 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұған дейінгі екі жарыста қазақстандық дзюдошылар жүлдеге іліге алмаған.

Айта кетейік, қазіргі уақытта ұлттық құрама Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или