Теннистен Дохадағы турнирде Рыбакина мен Путинцева өнер көрсетеді

Қазақстандықтар Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева 9-15 ақпан аралығында өтетін Доха (Қатар) WTA 1000 турнирінде өнер көрсетеді.
Жарыстың 5-ракеткасы болып тіркелген Е.Рыбакина доданы екінші айналымнан бастайды.
Қазақстандық теннисші әлемнің 46-ракеткасы, америкалық Питон Стирнс немесе рейтингіде 50-сатыдағы украиналық Даяна Ястремскаяның қай жеңгенімен кездеседі.
Е.Рыбакина биылғы Аустралия ашық чемпионатында Д.Ястремскаяны 6:3, 6:4 есебімен ұтқан болатын.
Қазақстанның екінші, әлемнің 21-ракеткасы Юлия Путинцева алғашқы айналымда рейтингіде 62-сатыдағы жапониялық Моюка Учижимадан өтуге тырысып көреді.
Биылғы алғашқы WTA 1000 жарысының жүлде қоры 3 млн 664,963 мың АҚШ долларына бағаланып отыр. Оған әлемнің маңдайалды теннисшілерінің бәрі қатысады.
Өткен жылы Дохада Е.Рыбакина финалға дейін жетіп, онда Польша өкілі Ига Швентекке 6:7 (8:10), 2:6 есебімен жеңіліп қалған болатын.