Ангелина Лукас Түркияда жеңіске жетті

Ангелина Лукас Түркияда жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (12-1, 6 КО) Стамбулда (Түркия) өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Лукас венесуэлалық Джоана Зунигамен (18-8-1, 11 КО) кездесті.

Жекпе-жек әрқайсысы екі минуттық сегіз раундқа созылып, төрешілер шешімімен Лукастың пайдасына аяқталды. Бұл Ангелинаға кәсіпқой мансабындағы 13-ші жеңісін әкелсе, қарсыласы үшін тоғызыншы жеңілісі болды.

Лукас бұған дейінгі жекпе-жегін 31 қаңтарда Мәскеуде өткізіп, нигериялық боксшы Айисат Ориомиді (9-1, 6 КО) үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или