Ангелина Лукастың келесі қарсыласы анықталды

Ангелина Лукастың келесі қарсыласы анықталды

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (12-1, 5 КО) келесі қарсыласының есімін және алдағы жекпе-жектің күнін білді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport+ сайтына сілтеме жасап.

Лукастың қарсыласы венесуэлалық Хоана Суньига (18-8-1, 11 КО) болады. Кездесу 8 ақпанда Түркияның Стамбұл қаласында өтетін бокс кешінің аясында ұйымдастырылады. Жекпе-жек екі минуттан сегіз раундқа есептелген.

Еске сала кетсек, соңғы жекпе-жегінде қазақстандық спортшы нигериялықАйисат Орийомиді (9-1, 6 КО) үшінші раундта нокаутпен жеңген болатын.

Ангелина Лукас — екінші ең жеңіл салмақтағы WIBA, UBO титулдарының, сондай-ақ жеңіл салмақтағы WBC International және WBC Silver белбеулерінің иегері.

Ал Хоана Суньига соңғы жекпе-жегінде аргентиналық Соль Кудосқа (9-0-2, 3 КО) бесінші раундта техникалық нокаутпен есе жіберді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или