Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирді жалғастырудан бас тартты

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Үндістанның Мумбай қаласында өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалында жергілікті Маайя Раджешваран Реватимен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Дияс бірінші сетте 3:6 есебімен жеңіліп қалды, ал екінші сетте есеп 2:3 болғанда кездесуді жалғастырудан бас тартты.
Айта кетейік, Зарина бұл матчтың фавориті саналған еді. Осылайша, ол турнирдің ширек финалына өте алмады, ал Раджешваран Ревати келесі айналымда жапониялық Мэи Ямагутимен кездеседі.
Мумбай турнирінің жүлде қоры 115 000 долларды құрайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или