Дмитрий Бородин «Қайсардың» қарызы бойынша ФИФА-ға жүгіну туралы айтты

Дмитрий Бородин «Қайсардың» қарызы бойынша ФИФА-ға жүгіну туралы айтты


«Қайсардың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Дмитрий Бородин қазақстандық клубпен қаржылық мәселелерге қатысты тергеудің қазіргі жағдайы туралы мәлімдеме жасады.

«Қазіргі уақытта өтініш стандартты тәртіппен қаралуда. Жақын арада ФИФА бұл істі қарау мерзімі бойынша жауап береді», – деп келтіреді футболшының сөзін Bet News.

Беларусьтік хавбек Қазақстанда 2022 жылдан бері ойнап келеді. «Қайсарға» ауысқанға дейін «Ордабасы» сапында өнер көрсетті. Өткен маусымда Бородин қызылордалық клуб үшін барлық жарыстарда 23 матч өткізіп, 1 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или