Біржан Оразов: «Данияны жеңсек те, ойынға көңілім толмады»

Біржан Оразов: «Данияны жеңсек те, ойынға көңілім толмады»

Футзалдан Қазақстан құрамасы EURO 2026 іріктеу турнирінде Данияға қарсы ойында 7:3 есебімен жеңіске жетті. Өткен аптада сырт алаңда болған алғашқы матчта біздің елдің командасы 2:3 есебімен жеңілген болатын, деп хабарлайды Prosports.kz 

Бүгінгі матчта Қазақстан қарсыласын ірі есеппен ойсырата жеңсе де, команда капитаны Біржан Оразов ойынға көңілі толмайтынын айтты.

«Бүгінгі ойынға жақсы көңіл-күймен шықтық. Өйткені Қазақ еліне жеңіс сыйлау керек болды. Бірақ, ойын ойдағыдай өтті деп айта алмаймын. Бүгінгі ойынға көңілім толмайды. Бастапқыда үш гол өткізіп алдық. Ойын барысында көп қателіктер жібердік. Дегенмен, барымызды салып, жинақылық танытып, әйтеуір дегенімізге жеттік. Бірінші таймнан кейін бапкер жаңа нұсқау беріп, ойын өрнегін өзгерттік.

Даниямен өткен ойында жеңілгеннен кейін сабақ алдық. Келесі ойында бұдан жақсы ойнап, ойдағыдай нәтиже көрсетеміз», - деді Қазақстан құрамасының капитаны.

Еске салайық, Даниямен болған бірінші ойында қақпашы Игита алаңға шыққан жоқ.

Дереккөз: 1bol.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или