Қазақстандық файтері екі жылдық үзілістен кейін октагонға оралады

Қазақстандық ММА файтері Имран Тайсұлтанов Legalbet.kz басылымына келесі жекпе-жегі жайлы айтып берді, деп жазады Prosports.kz.
«Жаңалық бар – 22 ақпанда UAE Warriors турнирінде төбелесуім мүмкін. Дағыстандық жігітпен. Мен келісімімді бердім, екі күн бұрын осыны талқыладық. Алдағы күндері ресми ақпарат шығады деп ойлаймын», – деді ол.
Tapology.com мәліметінше, Тайсұлтанов (6-1) 22 ақпанда БАӘ-нің Әл-Айн қаласында өтетін UAE Warriors 58 турнирінде Ресейлік Абдурахман Алимагомедовпен (11-1) кездесуі керек. Ол «Дағыстан арыстаны» деген лақап атпен танымал.
Имран соңғы рет октагонға 2023 жылдың наурызында шыққан. Содан бері түрлі себептермен бірнеше жекпе-жегі өтпей қалған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или