Шавкат Рахмонов пен Белал Мұхаммад қашан кездесетіні белгілі болды

Шавкат Рахмонов пен Белал Мұхаммад қашан кездесетіні белгілі болды

Белал Мұхаммад (24-3) жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы атағын алғаш рет Шавкат Рахмоновқа (19-0) қарсы қорғайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

CBC репортері Рубен Картердің мәліметінше, жекпе-жек Лас-Вегаста өтетін UFC 316 турнирінде ұйымдастырылады.

Нақты уақыты әлі белгісіз, бірақ кездесу T-Mobile Arena-да өтеді. Осылайша, Рахмонов UFC тарихында титулдық жекпе-жекке шығатын алғашқы қазақстандық спортшы атанады.

Бұған дейін, Мұхаммад Шавкат Рахмановпен жекпе-жекке шығу үшін ең қолайлы уақыт ретінде мамыр-маусымды атаған болатын. UFC ұйымы мамыр айында Монреальда UFC 315 турнирін өткізуді жоспарлап отыр.

Алғашында екі спортшының кездесуі желтоқсанда UFC 310-да өтуі тиіс еді, бірақ Мұхаммад денсаулығына байланысты жекпе-жектен бас тартты. Нәтижесінде, Рахмонов Иэн Гэрримен (15-1) кездесіп, оны төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или