Жол апатына түсті. Қазақстандық файтер титулды жекпе-жектен қағылды

Жол апатына түсті. Қазақстандық файтер титулды жекпе-жектен қағылды

OCTAGON лигасының жартылай орта салмақтағы чемпионы Георгий Кичигин (31-10) OCTAGON 70 мерейтойлық турниріндегі жекпе-жектен айырылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Өзбекстандық нокаутшы Шохасан Мирзаматов (14-4) ауыр жол апатына ұшырап, 23 ақпанда Алматыда өтетін жекпе-жекке қатыса алмайтын болды.

Қазіргі уақытта Мирзаматовтың орнына басқа қарсылас табыла ма, әлде «Рыцарьдың» чемпиондық белбеуін қорғау жекпе-жегі мүлде өтпей ма белгісіз.

Айта кетейік, бұл чемпиондық кездесу 2024 жылы қаңтарда өтуі керек еді, бірақ сол кезде Мирзаматов салмақ өлшеу рәсімінен өте алмаған болатын.

OCTAGON 70 мерейтойлық турнирінің басты жекпе-жегінде танымал тәжікстандық файтер Камиль Карате қазақстандық актер әрі жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтармен BMF титулын сарапқа салады.

OCTAGON 69 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

Алматыдағы OCTAGON 70 турниріне билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или