Қазақстан құрамасының капитаны Данияға қарсы матчқа қатыса алмайды
Футзалдан Қазақстан құрамасының капитаны Лео Игита Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Данияға қарсы сырт алаңда өтетін матчқа қатыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
38 жастағы қақпашы Данияға ұшар алдында тамақтан улануына байланысты Астанада қалып қойды. Осы себепті ол алдағы сырт алаңдағы ойынға қатыса алмайды.
Сонымен қатар, Игитаның 5 ақпанда өтетін Қазақстандағы ойынға қатысуы да белгісіз болып тұр.
Еске сала кетейік, бүгін, 1 ақпанда, Қазақстан құрамасы сырт алаңда Даниямен кездеседі. Ойын Қазақстан уақытмен 19:00-де басталады.
4 күннен кейін, Кака шәкірттері Астанада Дания құрамасын қабылдайды. Бұл матчтың басталуы 19:30-ға жоспарланған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или