Еуро-2026 іріктеу кезеңі: Қазақстан Данияға қарсы матчқа құрамын жариялады

Еуро-2026 іріктеу кезеңі: Қазақстан Данияға қарсы матчқа құрамын жариялады

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Дания құрамасына қарсы матчқа шақырылған ойыншылардың тізімін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тізімге 16 ойыншы енді.

Қазақстан құрамасының құрамы:

Қақпашылар: Лео Игита, Нарун Сериков, Рауан Сисенгалиев;

Алаң ойыншылары: Дуглас Жуниор, Арнольд Кнауб, Биржан Оразов, Даурен Турсагулов, Жахангир Рашит, Дамир Каирбай, Ильяс Бердалин, Акжол Дарибай, Ержан Карменов, Ринат Турегазин, Азат Валиуллин, Ерсултан Сагындыков, Леонардо Мендонка.

Айта кетейік, оқу-жаттығу жиыны 27 қаңтарда Астанада басталады, одан кейін команда 29-ы күні Сённерборгқа (Дания) аттанады. Қазақстан құрамасы бірінші кездесуін 1 ақпанда Даниямен сыртта өткізсе, одан кейін 5 ақпанда өз алаңында, Астанада даниялықтармен ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или