Какау БАӘ құрамасының тізгінін ұстады

Какау БАӘ құрамасының тізгінін ұстады

«Қайрат» пен Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Какау БАӘ құрамасының тізгінін ұстады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстаннан кейін Какау Кувейт құрамасын баптап, Батыс Азия чемпионатын жеңіп алды. Румыниялық «Аутобергамо Дева клубымен ел кубогын жеңіп алды. Кейін Ирак құрамасы мен тағы бір румын клубы «Юнайтед Галатиде» қызмет етті. 

Еске салайық, Какау 2013-2018 жылдар аралығында Қазақстан құрамасы мен «Қайраттың» бас бапкері болған. Оның жетекшілігімен Ұлттық құрама Еуро-2016-да қола жүлдегер атанса, «Қайрат» екі рет УЕФА кубогын жеңіп алды (2013, 2015).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или