Футзалдан Қазақстан жастар құрамасы Қырғызстан жастар құрамасын жеңді
Футзалдан Қазақстан U-19 құрамасы алғашқы жолдастық кездесуде Қырғызстан U-19 құрамасын 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz
Футзалдан 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының оқу-жаттығу жиыны 14 қаңтарда басталған болатын. Түркістан қаласында өтіп жатқан жиынды ұлттық құрама бапкері Пауло Рикардо Кака өткізуде. Жиын 26 қаңтарға дейін жалғасады.
Жиын барысында жастарымыз Қырғызстан жастарымен екі жолдастық матч өткізеді.
Ертең, 25 қаңтар, сағат 17:00-де Түркістан қаласында екінші матч өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или