Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері жаңа жұмыс тапты
Футзалдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Рикардо Камара Собрал Біріккен Араб Әмірліктері құрамасын жаттықтыратын болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сілтеме жасап.
Бұған дейін 53 жастағы бразилиялық маман Ирак құрамасында жұмыс істеген, бірақ оларды 2024 жылы Өзбекстанда өткен әлем чемпионатына шығара алмады. Сондай-ақ, оның карьерасында италиялық «Наполи» және Кувейт құрамасы болды.
Еске сала кетейік, Какау 2013-2018 жылдары алматылық «Қайратты» жаттырған және алматылық клубқа екі УЕФА Кубогын, төрт Еременко Кубогын, Әлем Суперкубогын жеңіп алуға көмектесті. Сонымен қатар, ол Қазақстан құрамасын екі рет Еуропа чемпионатының жартылай финалына шығарды және 2016 жылы онымен қола медаль жеңіп алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или