Дэвис кубогы: Қазақстан құрамасының Пәкістанға қарсы ойынға қатысатын спортшылары белгілі болды
Теннистен Қазақстан ерлер құрамасы 1-2 ақпан аралығында өтетін Дэвис кубогының бірінші Әлемдік тобы аясында Пәкістанға қарсы матч өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Юрий Щукин бастаған бапкерлер штабы келесі құрамды таңдады:
- Александр Шевченко
- Тимофей Скатов
- Дмитрий Попко
- Бейбіт Жұқаев
- Денис Евсеев
Ойындар Астанадағы Beeline Arena жабық хард кортында өтеді. Дэвис кубогының іріктеу матчтары төрт жеке және бір жұптық кездесуден тұрады және үш сеттік форматтан тұрады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или