Australian Open: Александр Шевченко әлемнің 3-ракеткасына жол берді

Australian Open: Александр Шевченко әлемнің 3-ракеткасына жол берді

Отандасымыз әлемнің 3-ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің төрт дүркін чемпионы, испаниялық Карлос Алькарасқа қарсы келді, деп хабарлайды Рrosports.kz

Осыған дейін екеуі өткен жылы Мадрид мастерс турнирінде кездесіп, онда Алькарас 6:2, 6:1 есебімен оңай жеңген болатын. Бұл жолы Шевченко бар өнерін салғанымен, испаниялық теннисші шеберлігінің басым екендігін көрсете білді – 6:1, 7:5, 6:1.

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған бәсеке барысында Шевченко 4 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Алькарас 6 эйс, 8 брейкпен (19 брейк-пойнт) көзге түсті. 

Шевченко өткен жылы да бірінші кездесуінде-ақ жеңіліс тапқан еді.

Енді 14 қаңтар күні Александр Бублик, Елена Рыбакина және Юлия Путинцева жекелей сындағы бастапқы ойындарын өткізеді. 

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 197-ракеткасы Дмитрий Попко Нонтхабури (Таиланд) челлендж турнирінің алғашқы айналымында дүниежүзілік рейтингіде 233-орындағы италиялық Федерико Арнабольдиге есе жіберді – 1:6, 6:2, 1:6.

Дереккөз: kaz.inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или