Ризабек Айтмұхан әлемдегі үздік балуандардың қатарына қосылды
Ризабек Айтмұхан әлемдегі үздік балуандардың қатарына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz
2024 жылдың күзінде Ризабек бір ай ішінде 20 және 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионаттарында топ жарды. Айта кететін жайт, сол уақыттары Ризабектің жасы небәрі 19-да ғана еді.
X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі Парсы парақшасында 2024 жылы әлем бойынша мұндай жетістікке төрт балуан ғана қол жеткізген. Олардың арасында 19 және 23 жасқа дейінгі әлем чемпионаттарын қатар жеңген жапониялық Масаносуке Оно, ирандық Амирреза Масуми мен Али Ахмади және отандасымыз Ризабек Айтмұқан бар.
Тағы бір айта кететін жайт, ақпан айында Ризабек Алматыда өтетін еркін күрес турнирінде Рио Олимпиадасының чемпионы, америкалық Кайл Снайдермен күресуі мүмкін екені айтылды.