Алматыда фристайлдан әлем чемпионаты өтеді

Алматыда фристайлдан әлем чемпионаты өтеді

7-11 қаңтар күндері Алматыдағы Шымбұлақ тау-шаңғы курортында фристайл-могул және фристайл-акробатикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Туризм жəне спорт министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жаһандық додаға 13 елден 110 спортшы қатысады. Еліміздегі дүбірлі додада Қазақстан, Германия, Канада, Қытай, Франция, Швейцария, АҚШ, Оңтүстік Корея, Жапония және өзге де елдің өкілдері сынға түседі.

Қазақстан құрамасы:

Могул/паралель могул: Анастасия Городко, Юлия Феклистова, Анастасия Ларионова, Виктория Кузнецова, Юлия Мокина, Семён Русаков, Ильнар Ибрагимов, Данил Коротков, Алексей Дениярёв, Денис Раструба.

Шаңғы акробатикасы: Дінмұхаммед Райымқұл, Ардана Маханова, Райана Маханова, Асан Асылхан, Роман Погосян, Ұланбәкір Өмірзақов, Аделина Өмірзақова.

Жарыс кестесі:
7 қаңтар – могул, 10:00-ден 15:30-ға дейін
8 қаңтар – параллель могул, 11:00-ден 14:30-ға дейін
9 қаңтар – командалық параллель могул, 11:00-ден 15:00-ге дейін
10 қаңтар – шаңғы акробатикасы, 11:00-ден 13:30-ға дейін
11 қаңтар – командалық шаңғы акробатикасы, 12:00-ден 13:30-ға дейін

Жасөспірімдер арасындағы фристайлдан әлем чемпионаты 1986 жылдан бері Халықаралық шаңғы федерациясының (FIS) қолдауымен өткізіліп келеді. Алматы қаласы бұған дейін 2021 жылы фристайлдан Әлем кубогы кезеңдерін өткізген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или