«Ливерпуль» – «Манчестер Юнайтед». АПЛ көшбасшысы мен манчестерлік команда кездеседі
5 қаңтарда Англия Премьер-лигасының 20-туры аясында турнир кестесінде көш бастап тұрған «Ливерпуль» 14-орында келе жатқан «Манчестер Юнайтедті» қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оны алу үшін Tennisi.kz сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.
«Ливерпуль»
Арне Слот шәкірттері Премьер-лиганың турнирлік кестесінде сенімді түрде бірінші орында тұр - екінші орында тұрған «Арсеналдан» 6 ұпай ұзап кеткен. «Ливерпуль» 2024 жылы Чемпионат, Англия кубогы және Чемпиондар лигасында өте жақсы өнер көрсетіп жүрді. Команда кейінгі рет, 14 қыркүйекте күтпеген жерден «Ноттингем Форесттен» 0:1 есебімен жеңіліп қалған. Содан бері Слот шәкірттерін ешкім жеңе алған жоқ.
2024 жылдың соңғы матчында «Ливерпуль» «Вест Хэмды» аямады, өз жанкүйерлерінің көзінше қарсыласын 0:5 есебімен ойсырата ұтты. Ал өз алаңындағы 9 ойында «қызылдар» 22 ұпай жинады, қарсыластарының қақпасына 18 гол соғып, өз қақпасына небәрі 6 гол өткізді. Кейінгі 10 матчта Слот командасы «Энфилдте» кемінде 2 гол соқты.
«Манчестер Юнайтед»
Ал манчестерлік команданың жағдайы мәз емес. Премьер-лигада 2024 жылғы соңғы үш ойында «Манчестер Юнайтед» 3 рет жеңіліске ұшырады: Рубен Аморим шәкірттері өз алаңында «Борнмут» (0:3) пен «Ньюкаслға» (0:2), ал сырт алаңда «Вулверхэмптонға» (0:2) есебімен есе жіберді. «Манчестер Юнайтед» чемпионаттың 19 турынан кейін небәрі 22 ұпай жинап, турнирлік кестеде 14-орында тұр.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы ойынға мынадай коэффициенттер ұсынады: «Ливерпульдің» жеңісі – 1.28, «МЮ» жеңісі – 9.40. Ал кездесу тең нәтижемен аяқталады дегенге – 6.20 коэффициент беріп отыр.
Бірінші айналымдағы өзара кездесуде «Ливерпуль» 3:0 есебімен жеңіске жеткен. Сондай-ақ, олар кейінгі 3 матчтың бәрінде кемінде үш гол соқты. Ал МЮ керісінше кейінгі 3 матчта 7 гол өткізіп алды. Демек «Ливерпуль» 2.5-тен көп гол соғады деген бәсті таңдауға болады, оған 1.94 коэффициент ұсынылып отыр.
Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.