Мұратбек Қасымбай мен Мохаммед Хейбатидың гонорары белгілі болды
All Stars Boxing промоутерлік компаниясының президенті Зия Алиев бүгін, 27 желтоқсанда Алматыдағы бокс кешіне қатысушылардың гонорарлары туралы айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sportnews.kz сайтына сілтеме жасап.
YouTube-тегі «Вестник ММА» арнасының жүргізушісінің сұрақтарына жауап бере отырып, Зия Алиев турнирдің жалпы гонорар қоры шамамен 80 миллион теңгені құрағанын айтты. Промоутердің айтуынша, бұл қаражаттың басым бөлігі төрт боксшыға: Мұратбек Қасымбай, Мохаммед Хейбати, Жуман Жұмабеков және Искандер Зияевқа бөлінген.
Айта кетейік, бұл турнирде екі дүркін Олимпиада жүлдегері Иван Дычко да өнер көрсетуі тиіс болған. Алайда, суперауыр салмақтағы қазақстандық боксшы жаттығу кезінде иығын жарақаттап, жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болды.