ҚПЛ клубы қазақстандық ойыншылардың қаржылық талабына байланысты шетелдік ойыншыларды шақырған
Қазақстандық маман Ринат Алюетов 2024 жылғы маусымда өзі баптаған «Тұранының» құрамы туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
— Қазақcтандық футболшыларды «Тұранға» тарту бізге қаржылық жағдайға байланысты қиын болды. Сондықтан құрамды іріктеу кезінде біз клубқа қолайлы шарттарға сәйкес келетін шетелдік ойыншыларды, сондай-ақ клуб бюджетінен қазақстандық футболшыларды табуды жөн көрдік. Жағдайды клубқа салынған трансферлік тыйым да қиындатып жіберді», - деді Алюетов.
Естеріңізге сала кетейік, Алюетовтың жетекшілігімен «Тұран» 2024 жылғы маусымды Премьер-Лига кестесінде 12-орында аяқтады. Түркістандық команда 24 кездесуден кейін 20 ұпай жинады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или