Допты хоккейден «Ақжайық» жылдың соңғы ойынын жеңіспен түйіндеді

Допты хоккейден «Ақжайық» жылдың соңғы ойынын жеңіспен түйіндеді

Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста «Ақжайық» Оралдағы «Жастар» стадионында «Академия «Уральский трубник» (Первоуральск) клубымен екінші ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz

Кешегі кездесуде айдын иелері 5:3 есебімен ұтқан еді.

Бұл жолы да бәсеке аса тартысты болып, «Ақжайықтың» пайдасына аяқталды – 5:4.

Оралдықтардан команда сұрмергені Максим Пахомов өз есебіне үш гол жазса, тағы бір ресейлік Артем Лапшин екі рет мергендік танытты. Сондай-ақ Рауан Исалиев екі мәрте нәтижелі пас берді.

«Академия «Уральский трубник» клубынан команда капитаны Андрей Зеленин 2 голдың авторы атанса, Константин Еловиков пен Арсений Лоскутов бір-бірден көзге түсті.

Осылайша, Николай Шавалдиннің шәкірттері жылдың соңғы ойынын жеңіспен түйіндеп, ұпай санын 21-ге жеткізді. 

«Ақжайық» екінші топта турнир кестесінде «Маяк» (Краснотурьинск) пен «Академия «Уральский трубник» командаларынан кейін үшінші орында келеді. Бірақ қарсыластарына қарағанда, батысқазақстандықтардың өткізген ойын саны кем. Демек, оларды қуып жетуге мүмкіндік бар.

Оралдықтар жаңа жылда 9-10 қаңтарда Орынборда жергілікті «Локомотивпен» сынға түседі. 

Дереккөз: Kaz.inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или