Андрей Мартин: Молдавиялық ойыншыларды «Ордабасыға» шақыруды жоспарлап отырмыз
«Ордабасы» футбол клубының бас бапкері Андрей Мартин moldfootball.com сайтына берген сұхбатында шымкенттік клубтың құрамына қосқысы келетін ойыншылар мен өзімен бірге жұмыс істейтін жаттықтырушылар штабы туралы айтып берді.
— Бапкерлер штабына кімдер енеді?
— Екі шетелдік маман және екі молдавиялық.
— Молдавиялық мамандар кімдер?
— Әзірге айта алмаймын, өйткені кейбірінің жарамды келісімшарты бар.
— «Ордабасыға» қосу жоспарланған молдавиялық ойыншылар бар ма?
— Ойыншылар бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Біріншісі — Виктор Мудрак. Екіншісі — қақпашы Дмитрий Челядник. Басқа да ойыншыларды шақыру мүмкіндігін қарастырамыз.
Дереккөз: sportplustv.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или