Сноубордтан 2023 жылғы Универсиада чемпионы Альпі тауында қазаға ұшырады

Сноубордтан 2023 жылғы Универсиада чемпионы Альпі тауында қазаға ұшырады


Швейцариялық сноубордшы, Әлем кубогының екі дүркін жүлдегері Софи Хедигер Альпі тауларында жаттығу жасап жүрген. Кенеттен қар көшкіні жүріп спортшы сонда көз жұмды.

Швейцария шаңғы федерациясының мәліметінше, қайғылы оқиға Арозада (Швейцария) болған. 2023 жылы Лейк-Плэсидте (АҚШ) өткен Универсиаданың жеңімпазы атанған 26 жастағы Софи Хедигер басқа спортшының сүйемелдеуімен жабық жолда жаттығып жүрді.

Бір кезде сноубордшылар баурайдан кетіп бара жатқанда, Софи еңіс үстінде қар көшкіні астында қалып қойды.

Софи Хедигер сноуборд кросс бойынша жарысты. Ол екі рет әлем чемпионатының жүлдегері атанып, 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасында өнер көрсетті.

Бұл атақты спортшылардың қайтыс болуы бірінші рет емес. Екі ай бұрын 36 жастағы итальяндық серфингші Джулиана Манфрини жаттығуға келген Индонезиядағы аралда семсер балықтың шабуылынан қайтыс болды.

Дереккөз: Zakon.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или