Допты хоккейден бүкілресейлік жарыста «Ақжайық» тағы да жеңіске жетті

Допты хоккейден бүкілресейлік жарыста «Ақжайық» тағы да жеңіске жетті

Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста «Ақжайық» қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz

Батысқазақстандық клуб бұл жолы «Жастар» стадионында екінші топта турнир кестесінде 24 ұпаймен 2-орында келе жатқан «Академия «Уральский трубник» (Первоуральск) командасын қабылдады.

Тартысты өткен матчта Николай Шавалдиннің шәкірттері 5:3 есебімен жеңіске жетті.

«Ақжайықтың» сұрмергені, ресейлік шабуылшы Максим Пахомов хет-триктің авторы атанып, биылғы маусымдағы 7 ойыннан кейін соққан гол санын 20-ға жеткізді.

Сондай-ақ тағы бір ресейлік Артем Лапшин мен Самат Аманшин мергендік танытты.

Қонақтардан Алексей Снегирев, Андрей Зеленин, Константин Еловиков бір-бірден доп соға алды.

Ертең қос команда екінші кездесуін өткізеді.

Дереккөз: Kaz.inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или