Азия чемпионатындағы төрешілік қызметтер қайта тексеріледі

Азия чемпионатындағы төрешілік қызметтер қайта тексеріледі

IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді, деп хабарлайды Prosports.kz 

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) 2024 жылғы Азия чемпионатындағы төрешілікке қатысты даулы жағдайларды тергеуге ресми түрде кірісті. 

28 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Тайландтың Чиангмай қаласында өткен бұл жарыс барысында төрешілікке қатысты шағымдар айтылып, жарыстың әділдігіне қатысты елеулі күмәндер туындады. 

Inside the Games мәліметі бойынша, айыптаулар өзбек боксшыларына жасалған шешімдерге байланысты, бұл жағдайды IBA қазір мұқият зерттеуді бастаған.

Біріншісі – Абылайхан Жүсіпов пен өзбек Хавасбек Асадуллаев арасындағы жекпе-жек болды. Жұдырықтасу кезінде қарсыласы отандасымызды тістеп алған еді. Ол сәтте төрешілер елемеген болатын. Кейіннен Қазақстан бокс федерациясының шағымынан кейін техникалық делегат Сэйди Даффи істі қайта қарап, Асадуллаевты ережені бұзғаны үшін жарыстан шеттетіп, алтын медаль отандасымызға берілді.

Екінші күмәнді жекпе-жек тай боксшысы Сомчай Вонгсуан мен өзбек Адхамджон Мухиддинов арасында өтті. Мұнда да өзбек боксшысы күмәнді жеңіске жеткен. 

Үшіншісі – Санжар Тәшкенбай мен өзбек Шодияржон Меликузиев арасындағы жекпе-жекті де қайта қарайды. Қазақстан бокс федерациясы соңғы раундта Тәшкенбайға қарсы төрешінің негізсіз есеп жүргізуі жекпе-жектің нәтижесіне әсер етіп, жеңісті Меликузиевке бергенін мәлімдеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или