Олимпиада жүлдесін алған қырғыз боксшысына орден берілді

Олимпиада жүлдесін алған қырғыз боксшысына орден берілді

Бокстан Қырғызстан тарихында алғаш рет Олимпиада жүлдесін иелеген боксшыға елдің президенті Садыр Жапаров жоғары марапатты табыстады, деп хабарлайды Prosports.kz 

Париж Олимпиадасында 57 келіде финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанған Мұнарбек Сейітбекұлына ІІІ дәрежелі «Манас» орденін табыстады.

Бұл марапат спортшыға ел тарихындағы тарихи оқиғаға қол жеткізгені үшін беріліп отыр. Ол Қырғызстан бойынша Париж Олимпиадасында қол жеткізген қос күмістің бірін иеленген.

Айта кететін жайт, Қырғызстан спортшылары арасында жалғыз боксшысы ғана Олимпиадаға жолдама алған болатын. Сол спортшы сенімді толық ақтап, өз мүмкіндігін толық көрсете алды.

Сондай-ақ, Мұнарбек Сейітбекұлы өткен жылы әлем чемпионатында қола жүлде иеленіп, ел тарихында сенсация жасаған еді. Ол қырғыз боксшылары арасында әлем біріншілігінде алғаш жүлде алған спортшы саналады.

Париж Олимпиадасынан кейін боксшыға Қырғыз билігі 100 мың АҚШ доллары көлемінде қаржылай сыйлық және жеңіл көлік сыйлады. Сондай-ақ, боксшыға өзі туған облысы көлік мінгізіп, банк демеуші ретінде 50 мың АҚШ долларын табыстады. Ал жақында ІВА президенті қырғыз боксшысына Дубайда өткен конгресте 50 мың АҚШ долларын тарту етті.

Дереккөз: 1bol.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или