Бокстан Қазақстан құрамасы көшбасшысының жекпе-жегі бірінші раундта аяқталды
Қарағандыда өтіп жатқан бокстан 2024 жылғы Қазақстан чемпионатында әйелдер арасында ширек финалдық кездесудің жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
81 келіге дейінгі 1/4 финалда Қостанай облысының намысын қорғайтын Надежда Рябец Солтүстік Қазақстан облысының өкілі Алина Гараппен кездесті.
Жекпе-жектің бірінші раундында Надежда қарсыласын екі рет нокдаунға жіберіп, рефери кездесуді тоқтатты.
Осылайша, Надежда Рябец Қазақстан чемпионатының жартылай финалына шығып, кем дегенде қола медальды қамтамасыз етті.
Айта кетейік, Рябец бокстан Қазақстан құрамасы көшбасшыларының бірі болып табылады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или