Бокстан Қазақстан чемпионаты: Волосенко жартылай финалға шықты

Бокстан Қазақстан чемпионаты: Волосенко жартылай финалға шықты

2024 жылғы бокстан Қазақстан чемпионатында әйелдер арасында ширек финалдық жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

60 келіге дейінгі салмақтағы ширек финалдық жекпе-жекте астаналық Римма Волосенко мен жерлесі Гаусар Жакумен кездесті. Жекпе-жектің екінші раундында Жакуға екі рет нокдаун есептелгеннен кейін төреші жекпе-жекті тоқтату туралы шешім қабылдады. Осылайша, Волосенко техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Римма Волосенко Қазақстан чемпионатының жартылай финалына шығып, кем дегенде қола медальды қамтамасыз етті.

Айта кетейік, Волосенко — 2019 жылғы Азия чемпионы. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или