Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирдің финалына өте алмады
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева үндістандық Шривалли Рашмикаа Бхамидипатимен бірге Нави-Мумбайда (Үндістан) өтіп жатқан турнирдің жұптық сынында финалға өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай финалда Құламбаева мен Бхамидипати үндістандық Рия Бхатия/Зил Десай жұбымен кездесіп, олардан үш сетте - 3:6, 6:3, 5:10 есебімен жеңіліп қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или