«Ақтөбе» бас бапкерге қатысты маңызды шешім қабылдады

«Ақтөбе» бас бапкері Игорь Леоновпен келісімшарт мерзімін ұзартты. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
«Ақтөбе» басшылығы мен бас бапкер Игорь Леонов 2025 жылдың аяғына дейін жаңа келісімшартқа қол қойды.
Айта кетейік, Игорь Леонов команданы 2024 жылы қабылдап, командамен бірге Қазақстан Кубогін жеңіп, Olimpbet-Премьер лига турнирінің қола жүлдегері атанған еді. Леоновтың басшылығымен “Ақтөбе” ФК 7 ойын өткізіп, 5 рет жеңіске жетіп, 2 рет жеңілді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или