Қазақстан - Армения матчының трансляциясы

Сәрсенбі күні, 18 желтоқсанда футзалдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу матчында Армения құрамасын қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан - Армения матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен сағат 19:20-да басталып, Qazsport телеарнасынан көруге болады.
Іріктеу матчтары 2024 жылдың 13 желтоқсаны мен 2025 жылдың 12 наурызы аралығында өтеді. Іріктеу кезеңінің алғашқы матчында Қазақстан құрамасы сырт алаңда Албаниян 2:0 есебімен жеңді.
Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы Дания, Армения және Албания командаларымен алтыншы топқа орналасты. Топ жеңімпаздары Еуропа чемпионатына тікелей жолдама алады.
Қазақстан құрамасының матчтарының кестесі:
02.01.2025 Дания - Қазақстан
02/05/2025 Қазақстан - Дания
07.03.2025 Қазақстан - Албания
12.03.2025 Армения – Қазақстан
Футзалдан Еуропа чемпионаты 2026 жылдың 18 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында Рига (Латвия) және Каунас (Литва) қалаларында өтеді.