Федор Емельяненко иығына ота жасатты

Федор Емельяненко иығына ота жасатты

Федор Емельяненконың бапкері Александр Мичков «Матч ТВ» арнасына берген сұхбатында аралас жекпе-жек аңызының иығына ота жасалғанын және қазіргі уақытта оңалу кезеңінен өтіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

48 жастағы Емельяненко спорттық карьерасын 2023 жылы ақпанда аяқтаған болатын. Соған қарамастан, Федор бокс ережелері бойынша жекпе-жек өткізу мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін бірнеше рет мәлімдеген.

— Федор Емельяненко бокс ережелері бойынша жекпе-жек өткізеді деп ойлайсыз ба?

— Кіммен кездесетініне байланысты. Уақыт өтіп жатыр. Қазір ол жарақатынан емделіп жатыр, иығына ота жасатқаны белгілі. Оңалту қалай болатынын ешкім білмейді. Жасы келген сайын жарақаттар көбейе береді, бұл ауыр жаттығулардың салдары.

— Ол 48 жаста. Оның жылдамдығы сізді таңғалдыра ма?

— Иә, таңғалдырады, ота жасатқанға дейін ол жақсы бабында болды. Қазір жүгірумен айналысып, функционалдық мүмкіндіктерін біртіндеп қалпына келтіріп жатыр. Бірақ қолдарымен жұмыс істеуге әлі болмайды, ал оңалту қанша уақытты алатыны белгісіз.

— Оң иық па әлде сол иық па?

— Бұл құпия.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или