Иан Гэрри: Белал Шавкатты ұтуы мүмкін
Ирландиялық жартылай орта салмақтағы спортшы Иан Гэрри, бұған дейін Шавкат Рахмоновтан жеңіліс тапқан, қазақстандық бұрынғы қарсыласы мен америкалық Белал Мұхаммад арасындағы жартылай орта салмақта өтетін чемпиондық жекпе-жек туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport+ сайтына сілтеме жасап.
«Бұрын Шавкат Белалды оңай жеңеді деп ойлайтынмын, бірақ қазір Белал біздің жекпе-жектегі 25 минутты қарап, одан маңызды нәрселерді түеді деп түсініп отырмын. Белал жеңіске жетуі әбден мүмкін. Бірақ Шавкат та жеңе алады, өйткені қарсыласы неғұрлым агрессивті ойнаса, соғұрлым ашылып, Шавкатқа жеңіске жетуге мүмкіндік береді. Сондықтан бұл жекпе-жек өте қызықты болмақ», – деді Гэрри Ариэль Хельвани шоуында.
Рахмонов Гэрримен жекпе-жекті 8 желтоқсанда UFC 310 турнирінде өткізді. Бүкіл дистанцияны қамтыған бұл жекпе-жекте Шавкат төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті. Оның еншісінде 19 жеңіс және бірде-бір жеңіліс жоқ.
Мұхаммад соңғы рет Леон Эдвардсқа қарсы UFC 304 турнирінде шілде айында октагонға шықты. Бұл жекпе-жекте Белал төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетіп, UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпиондық белдігін иеленді. Оның есебінде 24 жеңіс пен үш жеңіліс бар, ал бір жекпе-жегі өтпеді деп танылған.