Никита Бояркин ҚХЛ үздік қақпашылары рейтингіне енді
Астаналық «Барыс» қақпашысы Никита Бояркин Shaiba.kz нұсқасы бойынша ҚХЛ-дың үздік үш қақпашысының қатарына енді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport+ сайтына сілтеме жасап.
«Ак Барс» қақпашысы Амир Мифтахов өз позициясында ең үздік болып табылады. Ол айдында 799 минут өткізіп, 95% соққыны қайтарды.
Екінші орында 28 матчта 94,1% соққы қайтарған «Лада» командасының қақпашысы Владислав Подъяпольский тұр.
Үздік үштікті «Барыс» өкілі Никита Бояркин түйіндеді. Ол 23 матчта қақпаға бағытталған 93,35% соққыны сәтті қайтарды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или