Бірінші арна кубогы: Қазақстан құрамасы Беларусьтен жеңілді
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтіп жатқан шайбалы хоккейден Бірінші арна кубогындағы алғашқы ойынында Қазақстан құрамасы Беларуське есе жіберді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Кездесу барысында қазақстандық Александр Борисевич есеп ашқан еді. Оған қарсылас құрамадан Виталий Пичнук 44, 48, Вадим Мороз 53-минутта үш шайбамен жауап қайырды.
Осылайша қазақстандық хоккейшілер қарсыласына 1:3 есебімен есе жіберді.
Аталған турнирде ел құрамасы Ресей, Беларусь және ҚХЛ-дағы хоккейшілерден жасақталған Әлем құрамаларымен ойнайды.
Енді олар 14 желтоқсанда ҚХЛ Әлем құрамасымен кездессе, одан кейін 15 желтоқсанда Ресеймен шеберлік байқасады.
Ұлттық құрамаға қазақстандық маман Олег Болякин жетекшілік етеді. Оған Владимир Князев, Талғат Жайлауов, Павел Бессонов көмекшілік жасайды.
Бапкерлер құрамы аталған турнирде төмендегі ойыншыларға сенім артып отыр.
Қақпашылар: Джелал-ад-Дин Әмірбеков («Магнитка», Магнитогорск, ВХЛ), Жәкен Ибрагимов («Сарыарқа», Қарағанды), Андрей Шутов («Барыс», Астана)
Қорғаушылар: Степан Александров, Владимир Гребенщиков («Торпедо», Өскемен), Дмитрий Бреус («Торпедо», Нижний Новгород, КХЛ), Хақназар Кеңесбай, Кирилл Никитин («Номад», Астана), Эдуард Михайлов («Арлан», Көкшетау), Егор Наместников, Кирилл Полохов («Сарыарқа», Қарағанды)
Шабуылшылар: Олег Бойко («Барыс», Астана), Александр Борисевич, Андрей Буяльский, Руслан Демин («Сарыарқа», Қарағанды), Владимир Волков, Дмитрий Преснов, Денис Чапоров («Арлан», Кокшетау), Дмитрий Гренц, Артем Лихотников («Хумо», Ташкент), Саян Данияр («Номад», Астана), Алексей Зубов, Ян Тютюньков («Торпедо», Өскемен), Евгений Рымарев («Юнисон», Ресей), Александр Своеволин («Кұлагер», Петропавл).
Еске салсақ, қараша айында Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды.