Игорь Шацкий «Ақтөбеден» неге кеткенін түсіндірді
Қазақстан құрамасының қақпашысы Игорь Шацкий «Boroda Abata» YouTube арнасына берген сұхбатында «Ақтөбеден» кету себебін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
– «Маусым аяқталғаннан кейін «Ақтөбемен» ешқандай келіссөздер жүргізілген жоқ. Клубпен келісімшартым, нақтырақ айтқанда, жалға алу мерзімім аяқталды. Әрине, мен «Ақтөбеде» қалғым келді. Бұл тамаша қала, онда футболға деген керемет атмосфера бар, клубтың ұйымдастыру деңгейі жоғары, ұжым өте жақсы. Мұндағы ойыншылар – жоғары деңгейдегі кәсіби мамандар, ал облыс әкімі тарапынан көрсетілген қолдау үшін жеке алғыс айтамын.
«Ақтөбе» маған барлық жағынан ұнады: қала қарқынды дамып келеді, мұнда көптеген мәдени орындар, заманауи сауда орталықтары мен жайлы саябақтар бар. Тек жақсы естеліктер қалды, осы клубта өткізген уақытым үшін шын жүректен ризамын», – деді Шацкий.