«Бас тартуы мүмкін еді». Шавкат - Гарри шайқасы жайлы тың ақпарат шықты
UFC 310 турнирінің алдында қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың денсаулығы сыр берген, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл ақпаратпен Dar Team командасының бас бапкері Эдуард Базров бөлісті. Шавкат Рахмонов осы команданың мүшесі. UFC-дегі жекпе-жектеріне Dar Team-мен бірге дайындалады.
- Жекпе-жек алдында денсаулығына қатысты үлкен проблема болды. Біз ештеңе айтқан жоқпыз. Бар дайындықпен шықтық. Дәл осындай қиындықпен UFC-де бірде-бір файтер шайқасқа шықпас еді.
Гарри Шавкаттың мойнын қылқындырған кезде қатты қобалжыдым. Жүрегім қатты соғып кетті. Бірақ, Шавкатқа сенімді болдым. Жаттығу кезінде бұл әдісті оған қарсы ешкім сәтті қолдана алмайды. Тіпті, мойнын өз еркімен беретін сәттер болады. Бір жағынан, бұл - UFC, үлкен жауапкершілік, мықты қарсылас, жекпе-жектің аяғы. Біз үшін сәтсіз аяқтала ма деп қорыққаным да рас - деді Базров.
Айта кетейік, Шавкат Иэн Гарриді төрешілер шешімімен жеңді.