Бокстан Азия чемпионаты: Махмұд Сабырхан алтын үшін айқасады
Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында ерлер және әйелдер арасында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Махмұд Сабырхан жартылай финалдық жекпе-жегін өткізді.
Әлем чемпионы Махмұд Сабырхан 54 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңның иесі Саравут Суктхетпен бетпе-бет келді.
Бірінші раундта М.Сабырханның соққыларынан кейін таилық боксшының қасы жарылып кетті. Шаршы алаң иесінің жұдырығы да тиіп жатты. Соны ескерді ме, қапталдағы бес төрешінің үшеуі Махмұд басым деп тапты.
Екінші кезеңнің соңына қарай рингтегі рефери С.Суктхетке нокдаун тіркеді. Есеп 5:0 болып, Махмұд айқын басымдық танытты.
Қорытынды есеп – 5:0. Енді қазақстандық боксшы алтын үшін шаршы алаңға шығады.
Дереккөз: inform.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или