Алматы қаласында «Ертіс» хоккейшілерін тонап кетті

Алматы қаласында «Ертіс» хоккейшілерін тонап кетті

Кеше Алматыдағы «Халық Аренада» «Ертіс» клубының жаттығуы кезінде жантүршігерлік оқиға болды, деп хабарлайды Prosports.kz "Головой Об Лед" Telegram арнасына сілтеме жасап.

Мәліметке сенсек, ойыншылар мен қызметкерлердің жоқтығын пайдаланып, кешкі сағат 17.00 шамасында киім ауыстыратын бөлмеге белгісіз екі адам кіріп кеткен. Олардың әрекетінен кейін жігіттердің банк карталары, қолма-қол ақша және спортшылардың бірінің қымбат сағаты киім ауыстыратын бөлмеден жоғалып кеткен.

Қазір оқиға орнында полицейлер бейнебақылау камерасының бейнежазбаларын зерттеп жатыр. Хоккейшілер мұз айдынында жүргенде белгісіз біреулер жақын маңдағы дүкендерден сатып алу үшін олардың карталарын пайдаланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или