«Барыс» ҚХЛ-да қатарынан жетінші ойында жеңілді
Бүгін, 6 желтоқсанда Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты маусымы аясында «Барыс» сырт айдында «Северстальмен» командасымен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Череповецтегі кездесу 5:3 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.
Жеңімпаздар қатарында Александр Скоренов (хэт-трик), Кирилл Пилипенко және Никита Коростелев шайба соқты. Жеңіліп қалған команда сапында Әлихан Әсетов пен Антон Бурдасов (дубль) голдың авторы атанды.
Қазақстандық команда үшін бұл жеңіліс лигадағы қатарынан жетінші жеңіліс болды.
Бұған дейін өткен кейінгі матчында астаналық клуб мәскеулік «Спартактан» 2:4 есебімен жеңіліп қалған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или