Махмұд Сабырхан екінші жекпе-жегін де нокаутпен аяқтады
Махмұд Сабырхан екінші жекпе-жегін де нокаутпен аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz
54 келіге дейінгі салмаққа қайта оралған Махмұд Азия чемпионатының жартылай финалына шықты.
Ширек финалда шри-ланкалық Джаянатх Кумараны жарыс жолынан шығарды. Махмұдтың екінші раундтағы жойқын соққыларынан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты. Енді отандасымыз келесі жекпе-жегін 8 желтоқсан күні өткізеді.
Айта кетейік, Махмұд Азия чемпионатындағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Бірінші кездесуінде Тайпей спортшысы Ян-Лин Лейге еш мүмкіндік бермей, бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп шыққан болатын.
Бұған дейін Сәкен Бибосынов өзбек боксшысынан жеңілгенін жазған болатынбыз
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или